
Жеке сыра қайнататын орны бар Brewery мейрамханасы қонақтарға кәнігі сыра қайнатушының әдісімен дәстүрлі технология және ерекше рецептура бойынша арнайы әзірленген негізгі 3 бавар сырасы мен чех сортынан тағы 1 түрін ұсынады.
Германия мен Чехияның тәжірибелі үздік технологтары өндірісті ұйымдастыру және нақты (таза өнім) өнім алуға қол жеткізу шараларына атсалысады. Тек Германиядан сатып алынған немістің бірегей құрал-жабдықтары мен өндіріске арналған шикізаты бұл сусынның сапасын, әрі өзіне тән дәмін сақтауға мүмкіндік береді.
Меніңше, Астананың ең жақсы деген мейрамханалары танымал қонақ үйлердің маңында орналасқан. Қызметкерлері іріктеуден өткен, асханалары да көңілден шығады. Жеке сыра қайнататын орны ыңғайлы, әрі сырасы да жаман емес.
Өте қолайлы жер. Ең бастысы – Сырасы жақсы. Дәмін көру үшін сыра сетін алсаңыз, ұнағанын таңдайсыз. Іші кең, тартымды, кешке қарай жанды музыка ойнап тұрады (нақты қай күндері екенін білмеймін).
Ішінде отыратын орын көп, караокесімен жеке залдары бар. Би алаңында билеуге болады. Музыка кедергі жасамасын десең, шеткі орындарды таңдауға болады. Интерьердің дизайны талғамға сай, бағасы қымбат болғанымен, барлығы керемет.
Жанды музыка ойнап тұратын көңілді орын. Зал бірнеше бөлікке бөлінген. Асханасы жақсы, бірақ басқалардан керемет айырмашылығы жоқ. Бұл жерді сыра мейрамханасы ретінде танып қалдық, тіпті неміс сырасының төрт түрі ұсынылған. Жалпы бағасы 5-пен есептегенде 4.
Астана, Тұран даңғылы, 30 (Fitness Palace ғимараты)
Жұмыс кестесі: 12:00-01:00, демалыссыз